Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмеген аудан бар

Фото: pexels
Абай облысы Бесқарағай ауданында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік әрбір отбасының амандығынан бастау алады. Отбасы – мемлекеттің негізгі тірегі, ал оның берекесі мен тыныштығын сақтау – баршаға ортақ міндет. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жүйелі профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде Абай облысының Бесқарағай ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша оң көрсеткіштер қалыптасып отыр.

Жыл басынан бері аудан аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық тіркелмеген. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында құқықтық ықпал ету шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері заң талаптарын бұзған 31 азамат анықталып, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 33 қорғау нұсқамасы шығарылып, 9 тұлғаға ерекше талаптар белгіленді.

Бұл шаралар құқыққа қайшы әрекеттердің қайталануына жол бермей, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. Осыған байланысты Абай облысы полиция департаменті Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Жанаргүл Апсалямова:

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алу. Қолданылып жатқан қорғау шаралары, профилактикалық жұмыстар мен түсіндіру кездесулері азаматтардың құқықтарын қорғауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Әрбір тұрғын зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып, мұндай фактілер туралы дер кезінде хабарлауы қажет. Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның берік негізі, – деп атап өтті.

Бүгінде әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың мүдделерін сақтау және отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Құқық қорғау органдары әрбір өтініш пен хабарламаны ерекше бақылауда ұстап, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап келеді.

Бесқарағай ауданы – әйелдердің қауіпсіздігіне ерекше мән берілетін, отбасылық құндылықтар дәріптелетін және заң үстемдігі қамтамасыз етілген өңірлердің бірі. Әрбір отбасының амандығы мен тыныштығы – қоғамның тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады