Олар көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, соның ішінде күшті әсер ететін дәрілерді контрабандалық жолмен әкеліп, еліміз аумағындағы дәріханалар арқылы таратқан.
Тергеу барысында күдіктілердің дәрі-дәрмектерді заңсыз, қолдан жасалған жағдайда өндіргені анықталды. Олардың қатарында психотроптық заттар бар препараттар да болған. Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды.
Контрафактілік өнімдер адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген, себебі олар антисанитариялық жағдайда дайындалған. Мұндай дәрілерді қолдану қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ фармацевтикалық бақылау департаментінің бірқатар лауазымды тұлғалары анықталып, ұсталды. Олар заңсыз әрекеттерді ақша үшін жасырып келген.
Олардың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сараланған. Тауар айналымы мен қаржылық ағындарды талдау көлеңкелі контрабандалық және контрафактілік схемалардың бар екенін растады. Алдын ала деректер бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 млн теңгеден астам салық және басқа да міндетті төлемдер төленбеген.
Арнайы операция барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі ақша қаражаты, ондаған мың қорап жалған дәрі-дәрмек, айналымы шектеулі препараттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат тәркіленді. Бұл жалған медициналық өнімдердің заңды нарыққа түсуіне жол бермеді.
Ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыға Вьетнам мен Габоннан оралған азаматтарда қауіпті инфекция анықталғаны хабарланған болатын.