Қазақстанда кәсіби әскерилерді даярлаудың тиімді жүйесі қалыптастырылады - президент

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басты міндеттерінің бірі – кәсіби деңгейі жоғары әскери мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы әрі конституциялық міндеті. Сондықтан Қарулы күштерді жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.

"Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы. Сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз сақадай-сай болуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы патриотизм – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын нақты іспен қолдау, ел игілігіне қызмет ету және туған жердің тағдырына жауапкершілікпен қарау екенін атап өтті.

Президенттің сөзінше, қазіргі әскери қызметші тек кәсіби маман ғана емес, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс.

"Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Қазіргі уақытта әскерилер жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға екенін көрсетуге тиіс", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы табысты тәжірибенің бірі ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді атады. Биыл оқу орнының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде колледж сержанттық құрам үшін 4,5 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлаған. Президент бұл тәжірибенің халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын айтты.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме