Атырауда күштік құрылымдардың шоғырлануының себебі белгілі болды

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 10 шілдеде Атырау қаласында Теңіз жедел терроризмге қарсы штабының жетекшілігімен жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Штабтың мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – терроризм қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет ету алгоритмін пысықтау. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелері Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Қашаған кен орны маңында теңіздегі экономикалық қызмет нысандарында болуы мүмкін террористік әрекеттердің жолын кесу бойынша оқу-жаттығу өткізеді.

Жаттығу барысында арнайы катерлер суға түсіріледі.

Осыған байланысты Теңіз жедел терроризмге қарсы штабы тұрғындарды өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 9 маусымда Алматы маңындағы жоспарлы оқу-жаттығу кезінде өлімге әкелмейтін қол гранатасының мерзімінен бұрын жарылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін