Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Фото: Zakon.kz
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның хабарлауынша, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері орындалмайды.

Әуе тасымалдаушысы жолаушыларға билет құнын сатып алынған орны бойынша толық қайтаруды немесе 12–18 шілде аралығына жоспарланған рейстерді 31 шілдені қоса алғанға дейін тегін қайта брондауды ұсынады.

Air Astana рейстер кестесіндегі алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.

Сондай-ақ компания Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларды елге қайтару мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанадан Дубайға қатынайтын Air Astana ұшағы 2026 жылғы 12 шілдеде таңертең Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ұшып шыққан әуежайға оралуға мәжбүр болғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін