Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда қан донорларын марапаттауға арналған "Құрметті донор" ведомстволық төсбелгісі алғаш рет ресми түрде бекітілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес, "Құрметті донор" ведомстволық төсбелгісі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қан мен оның компоненттерін өтеусіз тапсырғаны үшін беріледі.

Марапатқа үміткерлер мына талаптардың біріне сай болуы тиіс:

Министрліктің мәліметінше, төсбелгіні Қазақстан теңге сарайы дайындайды. Оның әрбір элементі терең мағынаға ие және Республикалық геральдика комиссиясының келісімімен бекітілген.

Сурет: ҚР ДСМ

Бекітілген дизайнға сәйкес, төсбелгінің негізгі белгісі – қошқыл қызыл эмальмен көмкерілген қан тамшысы. Оның ішінде ақ түсті эмальмен бейнеленген жүрек соғысының ырғағы орналасқан. Композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен қоршалған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам адам донор атанып, 255 мыңнан астам қан және оның компоненттерін тапсыру рәсімі өткізіледі.

Сондай-ақ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес, медициналық тексеруден өтетін және қан мен оның компоненттерін тапсыратын донорлар жұмыс беруші тарапынан орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін