Жағымды жаңалық: Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта іске қосады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ең ірі әуе тасымалдаушысы Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласына тұрақты рейстерді қайта жаңғыртады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі Telegram-арнасында мәлімдеді.

"Air Astana 2026 жылғы 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әуе тасымалдаушы Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайды тұрақты бақылап отырғанын атап өтті. Егер жағдай өзгерсе, рейстер кестесіне тиісті түзетулер енгізіліп, жолаушыларға бұл туралы дереу хабарланады.

Еске салайық, бұған дейін 13 және 14 шілдеге жоспарланған Астана мен Алматыдан БАӘ-ге ұшатын рейстер тоқтатылған болатын. Сол кезде жолаушыларға билеттің толық құнын қайтарып алу немесе 12–18 шілде аралығына жоспарланған рейстерді 31 шілдеге дейінгі кез келген күнге қосымша ақысыз ауыстыру мүмкіндігі ұсынылған еді.

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты