Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүрілді

Сурет: Telegram/almaty_akimat
Алматыда заңсыз нысандарды сүру өз жалғасын табуда. Бұл жолы Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайында орналасқан заңсыз қосалқы нысан туралы сөз болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 17 шілдеде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады:

"Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында аталған нысанның рұқсатсыз тұрғызылғаны анықталды. Осыған байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін іс материалдары сотқа жолданды".

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысымен қосымша құрылыс заңсыз деп танылып, оны бұзу туралы шешім шығарылды.


"Қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен бүгін нысанды бұзу жұмыстары басталды", деп нақтылайды әкімдіктен.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты