Қазақстанда қандай автокөліктер шығарылады

Фото: unsplash
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібіндегі өндірісті кеңейту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол өткен жылы салада жаңа өндірістік қуаттар іске қосылғанын еске салды.

"Атап айтқанда, жалпы инвестиция көлемі 346 млрд теңгеден асатын KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan атты екі ірі зауыт ашылды. Бұл кәсіпорындар заманауи технологиялармен және автоматтандырылған өндірістік желілермен жабдықталған. Қазіргі таңда оларда 135 өндірістік робот жұмыс істейді. Өндірістік әлеуетті одан әрі арттыру мақсатында 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөліктер өндірісін кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары аясында автомобиль жасау саласы бойынша бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілген.

"Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO автокөліктерін өндіруді ұйымдастыру, SITRAK маркалы жүргізушісіз жүк көліктерін шығару, сондай-ақ BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты қуаттау станцияларының желісін дамыту көзделген", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа энергия көздерін пайдаланатын зияткерлік автокөліктер өндірілетіні хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады