Қазақстанда автокөлік бағасы қалай өзгерді

Фото: freepik
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде Үкіметтегі брифингте елдегі автомобиль нарығындағы ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген автокөліктердің бағасы төмендеу үрдісі байқалады.

"Автокөлік бағасы төмендеп жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Біз Қазақстанда өндірілген автокөліктер бағасының өзгеру динамикасын талдадық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың бағасы шамамен 5%-ға төмендеді. Ал шетелде шығарылған автокөліктердің бағасы, керісінше, аздап қымбаттады", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Журналистер министрге автонесиелеудің тиімді бағдарламалары мен автокөлік бағасының төмендеуіне қарамастан, несие мөлшерлемелері әлі де жоғары екенін еске салды.

"Бұған дейін мемлекеттік бағдарлама болды және ол тиімді жұмыс істеді. Қазір әрбір компанияның өзіне тән тиімді несиелеу бағдарламалары бар. Компания өкілдері өз ұсыныстары туралы толығырақ айтып бере алады деп ойлаймын. Олар автокөлік бағасын төмендетумен қатар, өздерінің несиелеу бағдарламаларын іске қосып, сатып алушыларға несие беріп жатыр", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін дамыту жөніндегі жаңа жобалар туралы айтқан болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады