Жасанды интеллект дәуірінде жоғары білім қажет пе – Бағдат Мусиннің пікірі

Фото: Zakon.kz
Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин 2026 жылғы 3 тамызда жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде жоғары білімнің қаншалықты қажет екені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жоғары білім жастардың дамуы үшін әлі де маңызды.

"Жоғары білім сөзсіз қажет. Алайда мансап жолын құрғысы келетін кез келген адамға компьютерлік ғылымдар, бағдарламалау және жасанды интеллект саласындағы дағдылар ауадай қажет екенін түсінуіміз керек. Физика, химия және биология бойынша терең салалық білім керек екенін де ешкім жоққа шығармайды. Мұндай білімді мектепте де тереңдетіп алуға болады. Сондықтан мәселе жоғары білімнің қажет немесе қажет еместігінде емес, оның қандай мақсат үшін қажет екенінде", – деді Мусин.

Ол өз балаларына да заманауи дағдыларды меңгеруге кеңес беретінін айтты.

"Биологияны тереңдетіп оқып жүрген баламның біріне болашақта фармацевтика мен биология ғылымдарында жаңалық ашуға мүмкіндігі болуы үшін вайб-кодинг пен жасанды интеллектіні меңгеруге кеңес бердім. Өйткені болашақтағы ірі жаңалықтар екі-үш ғылым тоғысқан тұста жасалады. Дәл осындай тоғыста жаңа ғылыми жаңалықтар ашылып, тың бизнес идеялар пайда болады", – деді Бағдат Мусин.

Бұған дейін оқушыларға қатысты маңызды өзгерістер туралы жазған едік.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді