"ҚазАвтоЖол" тасжолдардағы жағымсыз әдетке байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 5 тамызда "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қазақстандықтарды тасжол бойында тазалық сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компания республикалық маңызы бар автожолдардың бойында күн сайын мыңдаған жүргізуші мен жолаушы пайдаланатын жылы және салқын санитарлық тораптар жұмыс істейтінін еске салды.

Алайда мамандардың айтуынша, кейбір адамдар кезек күткісі келмей, дәретхана ғимаратының сыртына дәрет сындырады.

"Соның салдарынан аумақ ластанып, жағымсыз иіс шығады, қоқыс жиналып, санитарлық талаптар бұзылады", – деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Компания қазақстандықтарды айналасындағыларға құрметпен қарап, қарапайым мәдениет пен гигиена талаптарын сақтауға шақырды:

Қазақстандағы жол бойындағы дәретханалар мәселесі әлі де ең өзекті әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі болып отыр. 2026 жылғы наурызда Ақмола облысында жол бойына 13 дәретхана орнатылатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді