Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бір бөлігінде көлік қатынасы қиындайды

Фото: Zakon.kz
2026 жылдың 12 тамызынан бастап, Қазақстандағы ең көп көлік жүретін негізгі жолдардың бірі - Астана – Қарағанды – Алматы автожолының Алматы облысындағы бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 12 тамызда, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарлады:

"Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 Астана – Қарағанды – Алматы автожолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына байланысты 12-20 тамыз аралығында 1121-ші және 1186-шы шақырымдар аралығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі".

Ұлттық компанияның мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін қозғалыс шектеледі. Сондықтан көліктер басқа жолмен, яғни, айналма бағытпен жіберіледі.

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Жүргізушілерден барар бағытын алдын ала жоспарлау, уақытша жол талаптарын және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерден өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау сұралды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына байланысты туындайтын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.

Ал кейінірек жеткізілген хабарламада (12 тамыз, сағат 12:08):

Жол жөнделіп жатқан кезде күн сайын таңғы 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейін көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл шектеу жол жұмысшылары мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін.

Еске салайық, 2026 жылғы 7 тамызда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі жол ақысын төлеуден жалтармақ болған жүргізушіге қатысты видео жариялаған еді. Видеода жүргізушінің ақылы жолдың төлем алу пунктіне келіп, кейін "төлеу менің жоспарымда жоқ" дегендей кейіп танытып кері бұрылғаны көрінеді. Қазақстандық көлікпен кері жүріп, жауапкершіліктен айдала арқылы қашып кетуге тырысқан. Алайда камералар арқылы жүргізушінің жеке басы анықталған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Алматыда жаңа базар ашылады