Қазақстандықтардың қанша пайызы қалада тұрады – статистика

Фото: Zakon.kz
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы Аяулым Сағынбаева 13 тамызда Demographic Futures Survey 2026 дөңгелек үстелінде жастардың бала туу мен некеге қатысты басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, демографиялық ахуалға әлемде жүріп жатқан жаһандық үдерістер айтарлықтай ықпал етеді.

"Біз жаһанданудан тыс қала алмаймыз. Әлемдегі үрдістердің барлығы белгілі бір дәрежеде Қазақстанда да байқалады. Біз гендерлік теңдік саясатын, әйелдердің еңбек нарығына, экономика мен саясатқа қатысуын арттыру саясатын ілгерілетіп келеміз. Сонымен қатар халықтың урбандалу деңгейін көтеру саясаты жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай халықтың 70%-ы қалалық жерлерде тұруы керек. Қазірдің өзінде халықтың 63%-ы қалаларда тұрады", – деді Сағынбаева.

Спикердің айтуынша, урбандалу өздігінен бала туу көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Себебі қала жағдайында көпбалалы болу физикалық тұрғыдан қиын, ол үшін тиісті жағдай қажет.

"Қазір біз сандық факторлардан сапалық факторларға көшіп жатырмыз. Халықтың репродуктивті мінез-құлқына қатысты бүгінгі нәтижелерді жауапты ата-ана болу және некедегі жауапты мінез-құлық мәселелерімен байланыстырар едім. Қазіргі жастар некеге ата-аналарына қарағанда анағұрлым жауапкершілікпен қарайды. Олардың алдымен қол жеткізуге тиіс моральдық және материалдық басымдықтары бар. Бұл – табиғи әрі орынды шешім", – деп қорытындылады сарапшы.

Бұған дейін Сағынбаева Қазақстанда бала туу көрсеткішінің төмендеуінің негізгі себебін атаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды