Қазақстандықтардың 73,1% сайлауда дауыс беруге ниетті – ҚСЗИ сауалнамасы

Фото: Zakon.kz
Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесін 17 тамызда жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың қатысу деңгейі айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде.

"Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?" деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті.

Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды.

Сондай-ақ респонденттердің 5,5%-ы электоралдық енжарлықтанытып отыр. Оның ішінде 1,6%-ы барлығына қарсы дауыс беретінін айтса, 3,9%-ы қай партияға дауыс беретіні туралы әлі шешім қабылдамаған.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде. Бұл азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тұрақты қызығушылық танытатынын білдіреді және алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға деген саналы дайындығын айқын дәлелдейді.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.

Демократия институты бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 шілдедегі № -11-07/ЗТ-Қ-34 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды