Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды сатуға қатысты жаңа ереже күшіне енеді

Сурет: pexels
Қазақстанда келесі айдан бастап биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 24 тамызда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді:

"2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында тағамға биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енеді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген немесе елге әкелінген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс. ББҚ-ны міндетті қадағалау жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен қамтамасыз етіліп, тауарды нарықта сату кезінде әрбір операция расталуы қажет".

Цифрлық таңбалау аясында өнімнің әрбір данасына бірегей Data Matrix коды беріледі. Ол қаптамаға түсіріліп, тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының жүйесінде тіркеледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, бұл тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дүкен сөресіне дейінгі бүкіл қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

"Мемлекет бұл шара ББҚ айналымының нарықтағы ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, адал бизнесті жосықсыз бәсекеден қорғауға және заң бұзушылықтарды уақытылы анықтауға көмектеседі деп күтеді. Таңбалау нарықтың жеткілікті бөлігін қамтығаннан кейін сатып алушылар қаптамадағы Data Matrix кодын Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алатын ББҚ-ның заңдылығын өз бетінше тексере алады", – деді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Нарықтағы компаниялар не істеуі керек?

Ведомствоның мәліметінше, ББҚ өндіретін, импорттайтын және сататын компаниялар бірқатар талапты орындауы қажет.

"Тіркелген тауар карточкалары белгілі бір уақытты қажет ететін модерациядан өтетінін ескертеміз. Сондықтан нарық қатысушыларына тіркеуді кейінге қалдырмауға кеңес беріледі. Бұл талап күшіне енгенге дейін модерациядан өтіп, таңбалау кодтарына уақтылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген таңбаланбаған ББҚ қалдықтарын нарықта белгіленген тізімге сәйкес олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сата алатынын түсіндірді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 11 тамызда, Қазақстанда тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау қағидалары бекітілгені туралы жазған болатынбыз. 1 қыркүйектен бастап ББҚ-ны таңбалау қанша тұратыны туралы ақпарат та жарияланған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді