Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

Фото: Министерство просвещения РК
Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларын бағалау тәсілдері қайта қаралды. Бұл туралы 2026 жылғы 25 тамызда Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұған ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары мен практикалық тәжірибесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болған.

Шынар Ақпарованың айтуынша, оқушылардың білімін белгіленген талаптар негізінде бағалау жүйесі сақталады. Осыған орай биылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.

"Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіп бойынша формативті бағалау сақталады және оның рөлі күшейтіледі. Оқу бөлімдерін меңгеру нәтижелерін айқындау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен тоқсандық бағадағы формативті бағалаудың үлесі артады. Формативті бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады", – деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі мектептерде жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөніндегі кешенді жоспарды бекіткені хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін