ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі

Фото: akorda.kz
Қазақстанда оқушыларды бағалау форматы өзгереді. Атап айтқанда, аралық бағалау енгізіліп, тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 25 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

Оның айтуынша, формативті бағалау оқушының күнделікті оқу үдерісіндегі жетістіктерін көрсетсе, аралық бағалау белгілі бір бөлім аяқталғаннан кейін меңгерілген білім мен дағдыларды қорытындылауға бағытталады.

"Аралық бағалаудың енгізілуіне байланысты бағалау жұмыстарының құрылымы да өзгереді. Жаңартылған тәртіпке сәйкес, тоқсан соңында жеке тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді. Оқу бөлімдерін меңгеру нәтижелері аралық бағалау арқылы анықталады. Ал тоқсан соңында бұған дейін бағаланған бөлімдерді қайта қамтитын жеке жиынтық жұмыс болмайды", – деп түсіндірді Шынар Ақпарова.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, нәтижесінде бір тоқсанда өткізілетін бағалау жұмыстарының саны бір жұмысқа азаяды.

"Бұл білім алушыға түсетін бағалау жүктемесін оңтайландыруға, сондай-ақ педагогтің ТЖБ тапсырмаларын жеке әзірлеуге, өткізуге және тексеруге жұмсайтын уақытын қысқартуға мүмкіндік береді", – деді Шынар Ақпарова.

Спикер аралық бағалаудың тағы бір ерекшелігі оның форматы мен мазмұнына қатысты екенін айтты.

Енді диктант, бақылау жұмысы, шығарма және мазмұндама секілді жазбаша жұмыстар аралық бағалаудың негізгі түрлерінің біріне айналады. Оларды орындауға бір сабақ, яғни 45 минут беріледі.

Бұған дейін Шынар Ақпарова 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушылары жаңаша бағаланатынын хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін