Президент: Бүкіл билік жүйесі мен қоғамдық институттарды ауқымды жаңғырту жүріп жатыр

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында елімізде бүкіл билік жүйесі мен қоғамдық институттарды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы өтіп, оның қорытындысы жарияланғанын атап өтті.

"Бұл өте маңызды саяси науқан, саяси іс-шара деп те айтуға болады, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сайлауды ұйымдастыруда Орталық сайлау комиссиясының үлкен рөл атқарғанын айтты. Оның сөзінше, сайлау үдерісіне жаңа технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктері енгізіліп жатыр.

"Сайлау үдерісіне дұрыс шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы енгізілуде. Мұндай әдіс-тәсілдер науқанның сапасын арттыра түсті", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға шетелдік байқаушылар тарапынан да жоғары қызығушылық болғанына назар аударды.

"Халықаралық қауымдастық сайлау нәтижесін мойындады, оның ұлттық заңнамаға және барлық талаптарға сай өткенін атап өтті", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

"Мен бүгін Конституцияның 46-бабына сәйкес бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Алқалы жиын 28 тамыз күні болады. Оған дейін Құрылтайға өткен партиялар депутаттардың тізімін әзірлеуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір Қазақстанда бүкіл билік жүйесін және қоғамдық институттарды ауқымды жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды