Қазақстандық оқушыларға ғылыми жобалар байқауындағы жеңісі үшін ақшалай сыйақы төленеді

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында дарынды балаларды қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу мәселесіне тоқталып, жаңа цифрлық дәуірде адами капитал ел дамуының аса маңызды факторына айналғанын атап өтті.

"Жаңа цифрлық дәуірге қадам басқан тұста адами капитал дамудың аса маңызды факторына айналып отыр. Әрі бұл – Қазақстанның артықшылығы. Балаларымыз – талантты. Әлемде жоғары бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп жүр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жуырда Ақордада халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездескенін еске салды.

Президенттің айтуынша, енді дарынды оқушыларды ынталандыру шаралары кеңейтіледі. Ақшалай сыйақы халықаралық олимпиадаларда ғана емес, ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтиже көрсеткен балаларға да беріледі.

"Осы оқу жылында дарынды балаларды қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды тапсырдым. Олимпиададағы табыстарына ғана емес, ғылыми жобалар байқауындағы жеңістері үшін де ақшалай сыйақы беріледі", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев озық технологиялар мен жастардың зияткерлік әлеуетін ұштастыру қазірдің өзінде экономикалық нәтиже беріп жатқанын атап өтті. Елде жаңа стартаптар құрылып, алғашқы "сыңармүйіз стартаптар" пайда болған.

Осы тәжірибені кеңейту үшін білімге басымдық беретін инновациялық экожүйе қалыптастыру қажет.


"Сол себепті Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында саланы басқарудың платформалық үлгісіне көшу басталды", – деді Президент.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды