Тоқаев: Балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – бүкіл қоғамның міндеті

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті тек мектептерге жүктеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, өскелең ұрпақты табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу қажет. Бұған дейін ол мектептер мен жоғары оқу орындарына экологиялық ағарту саласының бірыңғай стандарттарын енгізуді тапсырған.

"Үкімет бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтауға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының аясын кеңейту қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда бұл бағдарлама негізінен орта білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатыр.

Президент ұрпақ тәрбиесі елдің болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет екенін айтты.

"Дегенмен осы мәселеге келгенде барлық жауапкершілікті тек мектептерге артып қою дұрыс емес. Біз тұтас қоғам болып, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруымыз керек", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Конституцияның негізгі қағидаттары ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Сондықтан жастардың Ата заңды жақсы білуі маңызды.

"Сонда ғана қоғамымыз өркениетті, білімді, ұқыпты, ал еліміз өте дамыған әрі озық болатынына күмән жоқ", – деді Мемлекет басшысы.

"Ұлттық қор – балаларға": Тоқаев үш жылда қанша қаражат аударылғаны туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті