Қазақстанда экология мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізу тәртібі өзгерді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта "қоғамдық тыңдаулар" ұғымы нақтыланды. Бұл – ашық жиналыстар өткізу және "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде жария талқылаулар ұйымдастыру арқылы қоршаған ортаны қорғау мен елдің орнықты дамуына қатысты мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысу нысандарының бірі.

Сонымен қатар қай кезде қайта қоғамдық тыңдау өткізілетіні белгіленді. Егер экологиялық рұқсат беруден бас тартылғаннан кейін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш қайта тапсырылса және бұған дейінгі қоғамдық тыңдаулар барысында оларды өткізу тәртібіне қатысты экологиялық заңнама талаптары бұзылса, тыңдау қайта өткізіледі.

Алайда қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қою мерзімінің бұзылуы ондағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына әсер етпесе, қайта тыңдау өткізу талап етілмейді.

Қағидаларға тағы бір жаңа норма енгізілді. Оған сәйкес, әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде қоғамдық тыңдау хаттамасының қолданылу мерзімі аталған жағдайлар аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Ашық жиналыс форматындағы қоғамдық тыңдаулар мына нысандар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілген кезде өткізіледі:

Қоғамдық тыңдаудың бастамашысы оны өткізу орны, күні мен уақытын келіскеннен кейін цифрлық жүйе арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің – астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына мына құжаттарды жолдайды:

"Қоғамдық тыңдаулар" айдарының толтырылған нысанын;

Ашық жиналыс түрінде өткізілетін қоғамдық тыңдауларға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нысандар бойынша мынадай құжаттар ұсынылады:

Сонымен қатар ашық жиналыс түрінде өткізілетін қоғамдық тыңдауларға мынадай жаңа құжаттар ұсынылады:

Қоғамдық тыңдауға шығарылатын құжаттар тыңдау өтетін күнге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын цифрлық жүйеде, жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ құжатты әзірлеген мемлекеттік органның сайтында танысу үшін жарияланады.

Көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызмет түрлеріне қатысты құжаттар қоғамдық тыңдау өтетін күнге дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын орналастырылады. Бұл талап теңізде орналасқан жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде жүзеге асырылатын жоспарланған қызметке қолданылмайды.

Бұдан бөлек, қағидалар жаңа нормамен толықтырылды. Егер бастамашы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен немесе оның өкілімен келісілгеннен кейін қоғамдық тыңдаудың өтетін орнын және/немесе уақытын өзгертсе, бұл туралы хабарлама тыңдау басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жариялануға тиіс.

Хабарлама цифрлық жүйеде және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, жеке және өзге де сипаттағы ескертулер мен ұсыныстардың жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоршаған ортаға әсерімен байланысы негізделген жағдайда олар есепке алынады.

Ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта ұсынылған кезде қоғамдық тыңдауды қайта өткізу талап етілмейді.

Алайда бұған дейінгі қоғамдық тыңдау барысында оны өткізу тәртібіне қатысты Қазақстанның экологиялық заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда тыңдау қайта ұйымдастырылады.

Егер қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қою мерзімінің бұзылуы онда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына әсер етпесе, бұл талап қолданылмайды.

Алдыңғы қоғамдық тыңдауды өткізу тәртібінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, қайта ұйымдастырылған тыңдауда ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы толық көлемде қаралады. Хаттамаға қол қою мерзімінің бұзылуы бұл талапқа жатпайды.

Сондай-ақ цифрлық жүйеде жария талқылау түрінде қоғамдық тыңдауларды бастамашы №165 қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында ұйымдастыратыны нақтыланды.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің, яғни астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда хабарландыру жариялайды.

Хабарландыруда бастамашы, жобаның атауы және қоғамдық тыңдаудың өткізілу мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдауды үйлестіруге жауапты тұлғаны белгілейді.

Бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды