Ведомствоның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
"Қазіргі уақытта латын графикасына негізделген әліпби жобасы мен емле ережелері жетілдіріліп жатыр. Аталған жобалар тиісті нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенге дейін латын графикасының түрлі нұсқаларын қолдану негізсіз. Бұл мәселе бойынша тиісті ұйымдар жұмыс жүргізіп жатыр", – деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан.
Алайда латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі әзірге белгіленбеген.
"Әліпбиді пысықтау бойынша нақты мерзім жоқ, бірақ оны жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Үкіметтің нақты тапсырмасы берілгенге дейін дедлайн да белгіленген жоқ", – деп толықтырды Эльмира Асан.
Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасы қалай әзірленгені туралы материалдан оқи аласыз.