Бұл туралы 2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
"Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді. Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды." Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы саперлерге қойылған міндеттерді орындап, жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі аталған миссияларға қатысатын қазақстандық бітімгерлердің қанша жалақы алатынын мәлімдеген еді. БҰҰ оларға айына 1 500 доллар төлейді.