Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай жеке кабинет іске қосылды

Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 24 тамыздағы бірлескен бұйрығымен "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

""е-Минфин" кіші жүйесінің "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" пилоттық жобасы іске қосылсын", – делінген құжатта.

Сонымен қатар пилоттық жобаны енгізу алгоритмі бекітілді. Ол пайдаланушылардың "е-Минфин" кіші жүйесіндегі "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім беру тәртібін айқындайды.

Жүйе Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталымен және "цифрлық үкімет" веб-порталымен интеграцияланады.

Алгоритмді іске асыру нәтижесінде кәсіпкерлер eGov Business арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім бере алады. Бұл ретте операторлардың сыртқы ақпараттық ресурстарына өтудің қажеті болмайды.

Бірыңғай жеке кабинетте кәсіпкер:

Жүйе мәліметтер мен құжаттардың бір бөлігін автоматты түрде қалыптастырады.

Өтінім жіберілер алдында бірыңғай жеке кабинет алдын ала тексеру және скоринг жүргізеді.

Электронды цифрлық қолтаңбамен расталғаннан кейін өтінім операторға жіберіледі. Кәсіпкер жеке кабинет арқылы өтінімнің мәртебесін, қаралу тарихын және қабылданған түпкілікті шешімді бақылай алады.

Пилоттық жоба 2027 жылғы тамызға дейін жалғасады.

Бірлескен бұйрық 2026 жылғы 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды