ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады

Фото: АФМ РК
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 2026 жылғы 15 қыркүйекте алаяқтардың ведомство атынан жалған ресми хаттар таратуын жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттікке осындай алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат келіп түскен.

"Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметтерді, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратады. Бұған дейін алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен жеке және банк деректерін алуға немесе ақша бопсалауға әрекет жасаған", – деп мәлімдеді агенттік.

Ведомство мына жайттарды еске салды:


"Жеке және банктік деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеңіз әрі олардың нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз. Күмән туындаған жағдайда ҚМА-ның 1458 нөмірі бойынша Call-орталығына немесе +7 (7172) 70-84-79 телефоны арқылы кезекші бөлімге хабарласыңыз", – делінген хабарламада.

ҚМА азаматтар мен ұйымдарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырды.

Бұған дейін салық органдары да қазақстандықтарды "декларация тапсырылмағаны", "есептіліктен қате табылғаны", "тергеу жүргізіліп жатқаны" немесе "банк шоттары дереу бұғатталатыны" туралы күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтандырған еді. Алаяқтар мұндай тәсілдерді азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізу үшін пайдаланады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді