Метеорологтердің мәліметінше, еліміздің барлық дерлік аумағында жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне ықпал еткен антициклонның орнына циклон келеді.
"Алдымен циклон батыс өңірлерге найзағай ойнап, екпінді жел соғатын жаңбыр әкеледі. Кейін Қазақстанның солтүстігіне қарай жылжиды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, ауа райының өзгеруі еліміздің оңтүстігіне айтарлықтай әсер етпейді.
Бұл өңірде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен күн жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз болады.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 2026 жылғы 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын мына жерден көруге болады.