Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының спикері Сеулдегі қазақ этноауылына барды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шик Сеулдегі Ханган саябағында орналасқан қазақ этноауылына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі меймандарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнері, ән-күйі және мәдени жәдігерлердің заманауи үлгілері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұрасы бейнеленген "Жеті қазына" голографиялық инсталляциясын тамашалады.

Этноауылда қазақ шеберлері жасаған дәстүрлі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен киізден жасалған заттар көрмеге қойылды.

Сондай-ақ меймандарға домбыра, дауылпаз және жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен музыкалық бағдарлама ұсынылды.

"Бірлік" би ансамблі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық корей театры балет труппасының бірлескен қойылымдары көрсетілді. "Достық" хореографиялық композициясы екі халықтың бірлігін, өзара құрметі мен тығыз байланысын паш етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шикке садақ ату өнері мен садақшылардың шеберлігі де таныстырылды.

Диджитал-киіз үйде қазақтың дәстүрлі баспанасының заманауи үлгісі ұсынылды. Панорамалық LED-экран арқылы меймандар екі ел халықтарының достығына, Қазақстандағы корей этносының тарихы мен мәдениетіне, сондай-ақ қазіргі тұрмыс-тіршілігіне арналған бейнематериалдарды тамашалады.

Қазақ этноауылының көрінісі Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастың нығайып келе жатқанын және екі ел ынтымақтастығында мәдени-гуманитарлық байланыстың айрықша рөл атқаратынын көрсетті.

Іс-шара соңында Ханган саябағының аспанына көтерілген дрондар екі мемлекеттің туын бейнеледі. Сонымен қатар "Қазақстан мен Корея – жарқын келешек жолында" деген жазуы бар дирижабль ұшырылды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды