Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жаңа саяси мәдениетті орнықтыруға атсалысты – Президент

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мәдени мұраны сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және Қазақстан халқы ассамблеясының тарихи рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ортақ мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтап, дәріптеу айрықша маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай бай мұраны сақтауға мемлекеттік шекара бөгет болмауға тиіс.

Президент Семейдегі Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде күрделі реконструкция басталғанын хабарлады. Жұмыс толықтай демеушілердің қаражаты есебінен жүргізіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елдегі басқа да тарихи ескерткіштер мен музейлерді ретке келтіру қажет екенін айтып, Қазақстанның ауқатты азаматтары бұл бастамаға белсенді атсалысады деген сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы медиация институтын қолдаудың маңызына тоқталды.

"Өйткені бұл – кез келген кикілжіңнің алдын алып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтатын әмбебап әрі пәрменді тетік", – деді Президент.

Оның айтуынша, жастар мен спорт ұйымдарының, еріктілер желісінің, қайырымдылық қорларының жұмысын, сондай-ақ Аналар мен Ақсақалдар кеңестерінің қызметін жандандыру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жыл бұрын болған ауқымды су тасқыны кезінде этномәдени бірлестіктер зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткенін еске салды. Олардың өкілдері қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдірген.

"Мемлекет шын ниетпен жасалған бұл еңбекті бағалайды, халқымыз жақсылықты ешқашан ұмытпайды. Елдің ынтымақ-бірлігі, жасампаз отаншылдығы жарқырай көрінген осы мысал келесі ұрпақ ғибрат алатын бейне және фотоқұжаттарда сақталып қалуға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай жанкештілік пен жанашырлықтың мысалдары аз емес екенін атап өтті.


"Сондықтан жаңартылған саяси жүйеде Қазақстан халқы ассамблеясының тарихи рөлі еш кемімейді, керісінше, күшейе түседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді