Заңды білу мектептен басталады: Ұлытау облысында 150-ден астам профилактикалық кездесу өтті

Сурет: Ұлытау облыстық ПД
Оқу жылы басталғалы Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында полиция қызметкерлерінің қатысуымен 150-ден астам профилактикалық кездесу мен тәрбие сағаты өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай кездесулердің бірі Жезқазған қаласындағы №11 мектептің 9–11 сынып оқушыларымен өтті. Іс-шараға полиция және прокуратура қызметкерлері қатысып, жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол бермеу, интернет-алаяқтықтан сақтану және жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Сурет: Ұлытау облыстық ПД

Сондай-ақ оқушыларға кез келген құқық бұзушылықтың белгілі бір жауапкершілікке әкелетіні және заңды білу өз құқығын қорғаумен қатар, өзгелердің құқығы мен қауіпсіздігін құрметтеудің де негізі екені түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Сурет: Ұлытау облыстық ПД

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар облыс көлемінде жүйелі түрде жалғасуда.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты