Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Наурызбай ауданында Alem Park маңында орналасқан, аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақты көркейту жұмыстары аяқталуға жақын.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың отбасымен демалуына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған.

Саябақты көркейту барысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мыңға жуық бұта және 1,5 мың раушан гүлі егілді. Өсімдіктерді күтіп-баптау үшін автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.

Саябақта жүргіншілер жолдары салынып, орындықтар мен жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ субұрқақ, "Отбасы" композициясы, перголалар мен балалар ойын алаңы қарастырылған.

Жаңа қоғамдық кеңістік Наурызбай ауданындағы тағы бір жайлы демалыс орнына айналып, көгалдандырылған аумақтардың көлемін арттырады.

Қазіргі уақытта көркейту жұмыстары соңғы кезеңде жүргізіліп жатыр. Саябақты тұрғындарға алдағы күндері ашу жоспарланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

Жамбыл облысында прокурорлар қайталама қылмыстың алдын алу бойынша форум өткізді

27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға