Бұл туралы 2026 жылғы 19 қазанда президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында жазды.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты", – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
19 қазанға қараған түні семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.