Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден астам рет күш көрсетілген

Фото: freepik
Абай облысының Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетілген. Прокуратура тексеру барысында 100-ден астам деректі анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын тексеруге кірісті.

Аягөз ауданындағы мекемені тексеру кезінде санитарлардың тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға күш көрсетіп, психологиялық қысым жасағаны анықталды.

Сонымен қатар прокуратура мекеменің кейбір қызметкерлері заңсыз әрекеттерді көре тұра, олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбағанын әшкереледі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қатысы бар адамдар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, олардың балалармен байланысуына шектеу қойылды.

Прокуратураның мәліметінше, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тексеру шаралары жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды