Халқымызға айнымас бағдар болатын Конституциямызды біртұтас ел болып қабылдадық – Президент

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Конституцияның ел дамуындағы маңызына тоқталып, оның әр қағидаты халық мүддесіне қызмет етуге бағытталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы еліміздегі түбегейлі өзгерістердің табысты жүзеге асуына бірлік пен тұрақтылық негіз болғанын атап өтті.

"Қазақта "Ынтымақ – мызғымас қорған" деген сөз бар. Біз – болашаққа үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайтын ұлтпыз. Шын мәнінде, біз татулық пен тұрақтылықтың арқасында сан түрлі сынақтан сүрінбей өттік. Ел игілігін еселеп, өркениетіміздің өрісін кеңейттік. Біртұтас ұлт ретінде түбегейлі өзгерістерді табысты жүзеге асырдық", – деді президент.

Тоқаев Конституцияның қабылдануын осы жолдағы маңызды жетістік ретінде атады.

"Ең бастысы, халқымызға айнымас бағдар болатын қастерлі құжат – Конституциямызды біртұтас ел болып қабылдадық. Тұғырға қонған Конституция көпұлтты жұртымыздың жаңа Жарғысына айналды. Конституцияның әр қағидаты, әр тармағы ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған. Еліміздің егемендігі, жеріміздің тұтастығы, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтары Конституциямызға сәйкес басты құндылықтар деп танылды", – деді мемлекет басшысы.

Президент Ата заңда ел бірлігін нығайтумен қатар, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамытуға да басымдық берілгенін жеткізді.


"Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті бекемдеу мызғымас қағидат ретінде бекітілді. Білім мен ғылымды, инновацияны, жоғары технологияларды дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті деп көрсетілді. Конституцияда Қазақстанның өткені мен бүгіні, сондай-ақ болашақтағы бейнесі айқындалды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған