Қазақстанның Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салалаға да алғашқы рейс орындалып, ұшақ толық жолаушымен аттанды.
Салала – Оманның көлемі жағынан екінші қаласы, оңтүстіктегі Дофар провинциясының орталығы әрі елдің басты тропикалық курорты. Оны жиі "араб Мальдивтері" деп атайды. Үнді мұхитының Арабия теңізі жағалауында орналасқан қала климатының ерекшелігімен Арабия түбегінің басқа қуаң аймақтарынан айтарлықтай өзгешеленеді.
Енді бұл бағыттағы рейстер Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.
Қазір Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылады. Бұл бағытта SalamAir әуе компаниясы қызмет көрсетеді.