Айта кетейік, тұжырымдама іске асырыла бастағаннан бүгінге дейін 135 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Пәтерлер Shymkent City және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен беріліп отыр.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Жаңа пәтерлер толық әрленген және қоныстануға дайын. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету кезінде бұрынғы пәтерлерінің ауданы мен бөлме саны ескеріледі.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шаһар басшысы отбасыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа қоныстарында амандық, отбасылық береке мен жылулық тіледі.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Еске салайық, Көксай аумағын жаңарту тұжырымдамасы баспана қорын кезең-кезеңімен жаңартуды ғана емес, инженерлік инфрақұрылымды дамытуды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды да көздейді.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Тұрғындарды көшіру – аумақты жаңарту мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы өзгерістердің маңызды бөлігі.