Ақмола облысында көлік жол жұмысшыларын қағып кетті: бір адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 163-шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында Chery Arrizo 8 көлігін тізгіндеген жүргізуші жолдың жүру бөлігінде жарық шағылыстыратын кеудеше кимей жүрген жол ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі медициналық мекемеге жеткізілді.

Осы дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы