Қазақстан президенті үндеуін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Өнімді кездесу және Қазақстан экономикасында, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні дамыту мен оны іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылағаны үшін Дженсен Хуангқа алғыс айтамын. Оның идеялары мен ұсыныстары біз үшін үлкен практикалық маңызға ие", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
2026 жылғы 23 қазанда NVIDIA басшысы премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен өткен еркін форматтағы әңгіме барысында Қазақстанның жасанды интеллект экономикасын дамыту үшін энергетикалық ресурстарын қалай пайдалана алатынын айтқан болатын.