Ақмола облысы прокуратурасының 2026 жылғы 27 қазандағы мәліметінше, "Viamedis" ЖШС филиалының стоматологы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен ақы төленген медициналық қызметтерді 345 кәмелетке толмаған науқасқа көрсеткен.
Негізсіз төленген қаражаттың жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады. Прокуратура іске араласқаннан кейін бұл сома мемлекет кірісіне толық қайтарылды.
Бұған дейін Павлодарда стоматологқа барғаннан кейін үш жасар қыздың комаға түсіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны туралы жазған едік.