Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, есепті кезеңде сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қараған.
Азаматтық істердің саны 28,4%-ға өсіп, 605 мыңнан асқан. Бұл банкроттыққа, тұрғын үй мен жер дауларына, сондай-ақ шарттық міндеттемелерге қатысты істердің көбеюімен байланысты.
Сонымен қатар 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған. Даулардың жартысына жуығы медиация және өзге де балама тәсілдер арқылы реттелген.
Кассациялық сотқа 18 мыңнан астам шағым түскен. Оларды қарау нәтижесінде апелляциялық сатыда түзетілген сот актілерінің саны екі есеге жуық артып, 934-тен 1704-ке жеткен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2%-дан 69,7%-ға дейін өскен.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына сот жүйесін кадрмен қамтамасыз ету жөнінде де ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын арттыру және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігін атап өтті.