Тоқаев: Қазақстанда кәсіби энергетиктер саусақпен санарлық

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетика саласындағы мәселелерге назар аударып, бірқатар қалада энергия өндіретін қуаттарды іске қосу мерзімі бұзылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қазіргі жағдайда электр энергиясымен қамтамасыз етілу әр мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін, тіпті экономикалық егемендігін айқындайтын шешуші факторға айналды.

"Қазіргі кезеңді, шын мәнінде, "электр дәуірі" деуге болады. Қазақстан үшін шикізаттық артықшылығын энергетика мен технология салаларындағы тұрақты ілгерілеуге айналдыру аса маңызды. Ашығын айтқанда, бұл бағытта мәселе жетерлік. Елімізде кәсіби энергетиктер саусақпен санарлық, ал энергетика мәселелеріне арналған форумдар мен пікірталастар таңғаларлық жиілікпен әрі кең ауқымда өткізіледі", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетика саласы жыл сайын елеулі тапшылыққа тап болатынын атап өтті. Соның салдарынан қыста электр энергиясын тұтыну шарықтаған кезде көрші елдерден оны жоғары бағамен сатып алып, жазда әлдеқайда төмен бағамен кері қайтаруға тура келеді.

"Міне, осындай қарапайым "бизнес" ондаған жыл бойы жалғасып келеді. Маған мұны энергетика саласындағы қалыпты тәжірибе деп түсіндіреді. Сондықтан кезінде Балқашта құрылысы басталып кеткен жылу электр орталығының жұмысын тұралатып тастағанына таңғалуға да болмайды. Қазір де Түркістанда, Қызылордада, Алматыда және Екібастұзда энергия өндіретін қуаттарды іске қосу мерзімі бұзылып жатыр", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін де бірқатар маңызды міндетті орындауы қажет екенін айтты. Ең алдымен, халықаралық бағыттарды қоса алғанда, көлік саласын толық цифрландыру керек.


"Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүкқұжаттар арқылы басқару – ақылға қонымсыз әрекет. Бұл – ешқайда апармайтын ең қысқа жол", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Президент Жолдауы – 2026
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды