ЖИ-ге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет – президент Жолдауда үкіметке бірқатар тапсырма берді

Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруды аса маңызды жалпыұлттық міндет деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін берілгенін атап өтті.

"Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев болашақтың экономикасын қалыптастыру үшін таптаурын түсініктер мен ескірген тәсілдерден арылу қажеттігін айтты.

"Қоғам дамуының мүлде жаңа негізін қалыптастыруымыз керек. Шын мәнінде, мұны озық технологиялар заманында өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімге арналған жалпыұлттық миссия деуге болады", – деді мемлекет басшысы.

Президент цифрлық дәуірдің қиындықтары мен қауіп-қатерлеріне қарамастан, елдің мақсат-мұраты өзгермейтінін жеткізді.


"Бұл – жаңа тұрпатты мемлекет құру, жаңғыру мен жаңару жолынан айнымау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды