Синоптиктердің мәліметінше, түнде ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Ал күндіз күн жылынады:
- - солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін көтеріледі;
- - батыс пен оңтүстікте ауа +17…+22°С-қа дейін жылынады.
"Қазанның соңғы күндері Қазақстанның батыс бөлігіндегі тұрғындарды ашық әрі жылы ауа райы қуантады. Мұнда ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Алайда елдің солтүстігі мен шығысында, оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың ықпалынан жауын-шашын, көбіне қар жауады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 28 қазанға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.