Бейсенбіге арналған болжамға сәйкес, мына облыстарда қар және жаңбыр аралас жауын-шашын болады:
- Алматы облысында;
- Батыс Қазақстан облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында;
- Жетісу облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көрініс қашықтығы нашарлап, жол жамылғысы тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті мамандар.
Осыған байланысты жүргізушілерге:
- ауа райы жағдайын ескеру;
- қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
- жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау;
- күрт маневр жасамау ұсынылады.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы алуға болады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 5 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр мен үсік болатынын хабарлаған еді. Осыған байланысты синоптиктер бейсенбі күні елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.