"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын тағы да еске салды. 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 117 қудалау фактісі тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, адамды ұнату, қызғану немесе онымен бұрынғы қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келу қудалауды ақтамайды.

"Егер адам сізбен араласқысы келмейтінін анық білдірсе, оның шешімін құрметтеу керек", – деп атап өтті министрлік.

"Әр адамның жеке кеңістігіне, жеке өміріне қол сұғылмауына және қауіпсіздігіне құқығы бар. Адамның еркіне қарсы онымен қайта-қайта байланыс орнатуға, оны аңдуға, қорқытуға, қайда барып, не істеп жүргенін бақылауға тырысуға жол берілмейді", – делінген ІІМ хабарламасында.

Министрлік қудалауға тап болған адамдарға мынадай кеңес берді:

"Өміріңізге не денсаулығыңызға тікелей қауіп төнсе, дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзгенің жеке шекарасын құрметтеу – қауіпсіздіктің негізі. Адам сізбен араласқысы келмесе, таңдауын қабылдаңыз. Оны райынан қайтару үшін мазалай бермеңіз. Ұнату, қызғану немесе бұрынғы қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келу адамды қудалауға сылтау бола алмайды. Егер адам араласқысы келмейтінін анық білдірсе, оның шешімін құрметтеу қажет", – деп ескертті ІІМ.

Бұған дейін Алматы тұрғыны өзін біреудің аңдып жүргенін, оған жасырын нөмірлерден қоңырау шалып, күш көрсетеміз деп қорқытқанын айтқан еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды