Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан зор үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен мына азаматтар марапатталды:
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы
- Құрманбайұлы Шерубай – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;
"Ел бірлігі" ордені
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;
"Құрмет" ордені
- Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі
- Данченко Анна Александровна – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы
- Манкеева Жамал Айтқалиқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
- Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалі
- Кузнецов Максим Александрович – "Кустовое негізгі мектебі" КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы
- Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – "Bilim Group" компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы
- Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – "Білім Орда" халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы
- Құрманжан Анар – "BMG UpSkill" компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы;
"Шапағат" медалі
- Кравчук Евгений Анатольевич – "Юрий Гагарин атындағы орта мектеп" КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы
- Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы
- Пимичева Анель Витальевна – "Qostanai TV" телеарнасының редакторы, Қостанай облысы
- Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы;