Компанияның мәліметінше, сәрсенбі күні мына өңірлерде қар аралас жаңбыр мен қар жауады:
- Ақмола облысында;
- Алматы облысында;
- Ақтөбе облысында;
- Павлодар облысында;
- Қарағанды облысында;
- Қызылорда облысында;
- Қостанай облысында;
- Түркістан облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында;
- Жетісу облысында;
- Ұлытау облысында.
Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
"Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеруді, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жылдамдықты жолдың жағдайына қарай таңдауды және шұғыл маневрлер жасамауды ұсынамыз", – деп ескертті ұлттық компания.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 11 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді.