"Қазгидрометтің" мәліметінше, 11 қарашада Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Атырау және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары дауылды ескерту жариялады. Қолайсыз ауа райы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды.