Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 13 қарашада таратқан мәліметке сәйкес, бұл мәселе экология жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.
Жоспар бойынша 2026 жылдың соңына дейін қаладағы базаларға теміржолмен көмір жеткізу тоқтатылуға тиіс.
Бұған дейін көмір базаларын Алматы облысына көшіру тапсырылған еді. Алайда кейбір базаларда көмір түсіру және сату жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта базаларда шамамен 24 мың тонна көмір бар. Соның 22,8 мың тоннасы немесе 95 пайызы – кірпіш зауыттарына арналған ұсақ түйіршікті көмір.
"Көмір базалары орналасқан алаңдарды жалға алу шарттарын 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұзу жоспарланып отыр", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 2026 жылғы 4 қарашада энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда көмір мен электр энергиясы қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.