Украинадан әкелінген 60 бұғы Бурабайға қалай жерсінді

Фото: zakon.kz
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін, 2026 жылғы 13 қарашада Бурабай ормандарында аскания бұғысының қалай пайда болғанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аскания бұғысы – Украинадағы "Аскания-Нова" қорығында бекзат бұғының бірнеше түр тармағын будандастыру арқылы алынған жануар.

1963–1966 жылдары Бурабайға Азов-Сиваш қорығынан 58 бұғы әкелінген. Ал 1984 жылы "Аскания-Нова" қорығынан тағы екі бұғы жеткізілген.

Жануарлар жаңа ортаға жерсініп, уақыт өте келе саны едәуір көбейген.

2023 жылғы санақ деректеріне сәйкес, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 1512 аскания бұғысы тіркелген.

Ұлттық парк қызметкерлері оларды жыл бойы бақылап, есебін жүргізеді, қорғайды және қосымша азықтандырады.

Экологтардың айтуынша, бұғыларды табиғи ортада кездестіру – сирек бұйыратын сәт. Мамандар мұндай жағдайда жануарларды мазаламауға шақырады.

"Оларды кездестіріп қалсаңыз, алыстан бақылаңыз. Шу шығармаңыз және суретке түсіру үшін жақындауға тырыспаңыз", – деп ескертеді мамандар.

Қызықты деректер

Бірнеше күн бұрын Алматыдағы Бас ботаникалық бақ әкімшілігі ежелгі дәуірден бері хош иісімен бағаланатын өсімдіктердің бірі – жебіршөптің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып берген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды